Ауыл шаруашылығы

Уәлихановтық шарулар 202 мың гектарға дән себеді

Биыл Уәлиханов ауданында 202 мың гектарға дән себіледі. Мұнда аса маңызды іс үстіміздегі айдың 20-сы күні басталады деп жоспарланып отыр.

Әзірге, шаруалар дайындық жұмыстарын жүргізуде. Алқаптарға 658 тонна минералды тыңайтқыш сіңіріліпті. 7 мың тоннадан аса тұқым дәріленген. Егістік аумақтың басым бөлігі дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі. 46 мың гектарда – майлы өнім, ал қалғанында жем-шөп пен көкөніс өсіріледі.

Ешкенова Дана