Халық тарих толқынында

“Ардагерлерге құрмет” жобасы аясында

“Ардагерлерге құрмет”. Осындай атаумен  «Nur Otan» партиясының жергілікті филиалының өкілдері  соғыс және тыл ардагерлерін қолдау мақсатында акция ұйымдастырып жатыр.

Петропавлда 36 ардагердің көзі тірі. Шараға қатысқан жандар Жеңіс күнін сыйлаған қарт майдангерлерге жүрекжарды лебіздерін білдіріп, алғыс хат жолдайды.

Жазылған хаттар «Nur Otan» партиясының жергілікті кеңсесі мен бірқатар мектептерде қабылданады. Хаттарды ардагерлерге табыстау рәсімі мамырдың 8-і мен 9-ы күндері өтеді.

 

Маржан Касымбек