Балалар

12 жасар жерлес әнші халықаралық онлайн-байқауда топ жарды

Пандемияға байланысты шығармашылық байқаулар қазір онлайн форматта өтіп жатыр. Талантты жеткіншектер өз өнерлерін үйден шықпай-ақ паш ете алады. Бұл мүмкіндікті 12 жастағы әнші жерлесіміз Ангелина Аракелова барынша пайдалануда.

Бүгінде күміс көмей жеткіншек бір уақытта 5 бірдей онлайн-конкурсқа қатысып жатса керек. Ал жуырда Ангелинаның / желі арқылы өткен халықаралық өнер фестивалінде бағы жанды. Өнерпаздың әдемі дауысын қазылар алқасы жоғары бағалап, 1-ші орын берген. Диплом мен медалін Ангелина пошта арқылы алыпты.

Ангелина Аракелова, халықаралық онлайн-байқаудың жүлдегері:

– Осы жетістіктің арқасында Бішкек қаласы мен Түркия елінде өтетін бірқатар байқаулар мен фестивальдерге жолдама алдым. Қазір мен “Таланттар шоқжұлдызы” атты онлайн-конкурсқа қатысып жатырмын. Мұнда қазылар алқасы жоқ, жеңімпазды халық желіде дауыс беру арқылы таңдайды.

Саят Ермек