Әр түрлі

Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары

Бүгінде қалалық паркте зиянкестерге қарсы күрес жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Маңызды шаруа негізінен күннің алғашқы жартысында атқарылады.

Мұнда мамандар кеміргіштерге, маса мен кенеге арнайы өнімді қолданады. Дәл осындай іс сәуір айының басында да тындырылыпты. Онда қызметкерлер шалшықтар мен суағарларға құрғақ қоспақ шашқан екен. Ал қазір дезинфекторлар сұйық затты пайдалануда.

Елена Черненко – «Ярмольник» ЖК дезинфекторы:

– Бізге өте көп препарат берілді. Әр күн сайын өңдеу жұмысын жүргіземіз. Іс ауа райына байланысты атқарылады.

 

 

Култанов Байболат