Көлік және жолдар

Жол жөндеу жұмыстарына 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Мамлютка қаласындағы ішкі жолдарды жөндеуге 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл ақшаға Горький, Лермонтов және Шаталов көшелері қалыпқа келтіріледі. Соңғы учаскеде іс аяқталуға жақын. Жақында тындырылған шаруамен нұротандықтар жіті танысып, жоғары баға беріпті. Ал, қалған аумақтарда қазір қызу жұмыс жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада облыс әкімі Құмар Ақсақалов партиялар мен қоғам өкілдеріне істің сапалы атқарылуын қатаң тапсырған болатын. Жалпы, биыл өлкемізде 770 шақырым жол жөндеу көрмек. Бұл мақсатқа 39 млрд теңге бөлініп отыр.

Култанов Байболат