Әр түрлі

Мамлют ауданында бос уақыт өткізу орталығы салынып жатыр

Селода су жаңа демалыс орталығы бой көтереді! Бүгінде Мамлют ауданына қарасты Леденев ауылдық округінде жергілікті тұрғындарға арналып жеке бос уақыт өткізу орны салынып жатыр.

Оның аумағында балалар алаңы да болады. Бұл істі жүргізуге “Фатерленд” шаруа қожалығының басшысы Виталий Гриш көмектескен. Мұндай жобаны өзге де кәсіпкерлер жүзеге асыруға асық. Мысалы, Хуландой” серіктестігінің директоры Нибиюла Сагандықов Токаревка ауылында осындай орталық тұрғызбақ ниетте. Жалпы, бүгінде Мамлют ауданында 11 демалыс орталығы бар. Олардың барлығы мемлекетке тиесілі.

Ешкенова Дана