Ауа райы

Дауылды ескерту жарияланды

Хабарымыздың соңында ауа райы жайлы ақпарға құлақ түріңіздер! Синоптиктердің болжамынша, сәуірдің 28-і күні облыс аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде.

Тіпті, кей жерлерде нөсер болып, найзағай ойнауы мүмкін. Тағы, күндіз және түнде тұман түсуі ықтимал. Ал, оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ойысатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сондықтан құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік шараларын естен шығармауға шақырады.

Бердимурат Баймухан