Ауа райы

СҚО-да жел күшейеді

Енді алдағы 3 күнге арналған ауа райы туралы бірер ақпар. Синоптиктердің болжамынша сенбі күні теріскейде күшті жел тұрады.

Ол оңтүстік батыстан соғып, екпіні секундына 15-20, ал кей аумақтарда тіпті 28 метрге дейін жетеді. Түнде -5 градустық аяздар күтілуде. Ал жексенбіде күн күрт жылиды, ауа температурасы +18-ге дейін жоғарылауы тиіс.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Ал сәуірдің 27-сі, дүйсенбі күні облыстың кей аумақтарында бұлт үйіріліп, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан екпінді жел соғады. Дегенмен, ауа температурасы түнде +7, ал күндіз +15-23 градусқа дейін жоғарылайды.

Саят Ермек