МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында орманды алқаптан өрт шықты

Соңғы уақытта өңірде дала өрттері жиілеп кетті. Осындай тағы бір жағдай Қызылжар ауданында тіркелді.

Оқиға Белое селосының маңында болған. Жақын жердегі құрғақ шөп жанып, желдің әсерімен күшейіп кеткен. 5 гектар алқапты шарпып, орманға қарай бет алған отты мамандар уақытында ауыздықтады. Өртті сөндіруге 15 құтқарушы мен 2 техника және жергілікті орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Абырой болғанда тілсіз жаудан ешкім зардап шекен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Актолкын Солтанханкызы