Денсаулық сақтау

Тимур Сұлтанғазиев елордаға қызметке ауысты

Облыстың бас дәрігері болып қызмет етіп келген Тимур Сұлтанғазиевтің лауазымы жоғарылады. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен кеше ол елордаға ауысты.

Енді осы министрліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жетекшілік етеді. Тимур Сламжанұлы Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасын 2018 жылдан бері басқарған болатын. 2 жылға жуық уақыттың ішінде біраз шаруаның басын қайырып үлгерді. Бұл лауазымға кімнің келетіні, әзірге, беймәлім.

Саят Ермек