Білім

Биыл 100 білім беру нысаны жөндеу көреді

Қиындықтарға қарамай ауқымды шаруа атқарылады! Кеше облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің instagram парақшасында биыл өңіріміздегі 100 бірдей білім беру нысаны күрделі жөндеу көретіндігін жариялады. Аймақ басшысының хабарлауынша 2020-ның басында мектеп, балабақша мен колледждерді қалыпқа келтіруге мемлекеттен 3 млрд. теңге қарастырылыпты. Бірақ кейін бағытталатын сомма ұлғайған. Қазір былтырғыдай 5 миллиардты құрап отыр. Мұның нәтижесінде соңғы 2 жылда 230 оқу ошағында немесе өлкедегі әрбір 2-ші мектепте тиісті жұмыс тындырылады. Құмар Ақсақалов әрленіп, шатыры, есік-терезелері, жылу және кәріз жүйелері мен су құбырлары ауыстырылатын нысандардың тізімін де жасады. Онда аудан, мекеме атауы және игерілетін ақша көлемі көрсетілген.

Култанов Байболат