Ауыл шаруашылығы

Фермерлер бекеттерден емін-еркін өте алады

Солтүстікқазақстандық фермерлер өңір аумағындағы бекеттерден емін-еркін өте алады!

Жақында “Qoldau.kz” порталы “AgroRuqsat” сервисін іске қосты. Мұнда шаруалармен олардың көлік құралдарына рұқсаттама рәсімделеді. Осы құжат арқылы дихандарға жұмыс бабымен қатынауға болады. Жаңашылдық “Сергек” платформасымен біріктірілген. Яғни, жинақталған мәлімет тәртіп сақшыларының планшеттерінде көрсетіледі. Осы орайда айта кетейік, рұқсат алу үшін шығындалудың қажеті жоқ, барлық іс тегін атқарылады. Егер де сұрақтар туындаса сервистің байланыс орталығына хабарласып, көмек сұрауға мүмкіндік бар.

Байболат Култанов