Аптадағы маңызды жаңалықтар

Президент СҚО әкімімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ның әкімі Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында өңірдегі коронавирус індетімен күрес жайы талқыланды. Тағы карантиннің сақталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық ахуал баяндалды. Президент аймақтағы егістік науқанына дайындық және азаматтарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек туралы сұрастырды. Әңгіме барысында “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасының жүзеге асырылуы да айтылды.

Эльмира Садвокасова