Құқық қорғау органдары

М.Жұмабаев ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды

М.Жұмабаев ауданында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан екі адам қаза тапты.

Кеше кешке Булаево қаласында “Audi” көлігін басқарған 20 жастағы жігіт велосипедшіні қағып кеткен. 24 жастағы қыз сол қозғалыс жолағының жиегімен қарсы бағытта келе жатқан екен. Соқтығысу салдарынан автокөлік, тіпті аударылып қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші мен велосипедші қыз ауыр дене жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Ешкенова Дана