COVID-19: Қазақстан

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар карантиннен шықты

Осыдан екі апта бұрын Covid-19-ды жұқтырғандармен байланыста болған 48 солтүстікқазақстандық карантинге жатқызылған болатын. Бүгін олардың барлығы үйлеріне жіберілді.

14 күн бойы пациенттер Бостандық көшесіндегі карантиндік стационарда дәрігерлердің бақылауында болды. Олардың ешқайсысынан коронавирус инфекциясының белгілері анықталмаған. Барлығы өздерін жақсы сезінеді. Ақ халаттылар карантинде болғандарға екі апта бойы тек медициналық көмек қана емес, психологиялық жағынан да қолдау көрсеткен. Сол себепті, олар дәрігерлерге және барлық медициналық қызметкерлерге алғыстарын білдіруде. Ал мамандар өз кезегінде өңір тұрғындарын үйде қалып, карантин ережелерін бұзбауды сұрайды.

Ешкенова Дана