Құқық қорғау органдары

Жол-көлік оқиғасы орын алды

Петропавлда жол көлік оқиғасы орын алды! Кеше кешкі 18:00-де Интернационал мен Нұрсұлтан Назарбаев көшелерінің қилысында қос автомобиль қақтығысты. Тәртіп сақшыларының мәліметінше “ГАЗ 2705” маркалы темір тұлпардың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кетіп, “KIA Sportage” (киа спортейдж)-ді соққан.

Салдарынан машинаның біреуі аударылған. Жүргізушілерге медициналық көмек көрсетіліпті.

Баян Байғаскина – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

– Ал ГАЗ автокөлігінің жүргізушісі облыстық ауруханаға емделуге жатқызылды. Аталған жол көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, материалдар жиналуда.

Актолкын Солтанханкызы