Құқық қорғау органдары

Аң аулау қағидаларын бұзған 10 адам анықталды

Өңірде “Биоресурстарды қорғау” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның аясында полицейлер жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзған 10 адамды анықтады.

Ережені елемегендердің бір тобы – тұзақ, екіншілері қақпанмен аңшылық құрған екен. Тәртіп сақшылары оларға Әкімшілік кодектің 383-ші бабы бойынша хаттама толтырды. Енді заң бұзғандар 1 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Сондай-ақ, құқық қорғаушылар арнайы құжатсыз балық аулаған 2 ер адамды құрықтап, жауапқа тартыпты. Тағы, экологиялық қылмыс фактісі бойынша 9 іс қозғалған. Мұндай оқиғаға қатысы бар жандардан 35 оқ, 9 атыс және 5 суық қару тәркіленді. Браконьерлердің мемлекетке келтірген жалпы шығыны 2,5 млн теңгеден асады.

Маржан Касымбек