Құқық қорғау органдары

Жемқорлық фактілерінің алдын алу мақсатында

Бармақ басты, көз қыстылықтың алдын алу және қаражаттың дұрыс игерілуін қадағалау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимде анықтауда. Нақтырақ айтар болсақ, жергілікті департамент Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Бірыңғай сатып алу терезесі» сервисіне мониторинг жүргізіп келеді. Аз уақыттың ішінде мұндай тәжірбие өз тиімділігін көрсетті дейді мамандар.

Нұрлан Жахин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Жоба іске қосылғаннан бері өңірде мемлекеттік сатып алу кезінде 7 млн теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынған. Осы сайт арқылы біз кез келген қызметтің немесе тауардың орташа бағасын білеміз. Мысалы, жоғары бағадан асса сайт бізге автоматты түрде сол мемлекеттік органдардың тізімін жүктеп береді.

 

 

 

Бердимурат Баймухан