МТРА жаңалықтары

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішевтің брифингі

Өңірде азық-түлік бағасының негізсіз шарықтауы байқалуда. Дүкен иелері, әсіресе, макарон, жарма, ет пен көкөністің бағасын көтеріпті. Бұған жол бермес үшін Үкімет елдегі төтенше жағдай кезінде 9 тауардың шектік құнын бекітті.

Енді 1-ші сұрыпты ұн, одан иленген нан, қарақұмық, рожки, күріш, сиыр еті, жұмыртқа, сұйық май мен тұзды жоғарыланған бағаға сатқандар жазаланатын болады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев мәлімдеді. Ол халықтан келіп түскен тағы 6 өзекті сұраққа жауап берді. Брифингіні біздің арнадан 21:00-де көре аласыздар. Ал, біз хабарымызды одан әрі жалғастырамыз.

 

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова