Қоғам

Еріктілер зейнеткерлерге дәрі-дәрмекті үйлеріне дейін жеткізіп беруде

Осындай қиын-қыстау сәтте жастарымыз мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмай, өз қамқорлықтарына алып отыр. Жергілікті еріктілер  жалғызбасты, жүріп-тұруы қиын қариялар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түліктен бөлек, дәрі-дәрмектерін де үйлеріне дейін жеткізіп беруде.

Коронавирус егде жастағы жандар үшін аса қауіпті. Сондықтан, қарияларға бұл уақытта үйден шықпау қажеттігі айтылған болатын. Оларға керек заттарын еріктілер жеткізіп беріп жүр. Жастар күніне 50-ден қарияға қол ұшын созады. Волонтерлер бүгін 82 жастағы Валентина Макавееваға керекті дәрілерін жеткізіп берді. Кейуана осындай сәтте жалғыз емес екендігін сезініп, еріктілерге өз алғысын білдірді.

Валентина Маковеева – қала тұрғыны:

– Осындай қиын сәтте жастарымызға қарияларды ұмытпай, қол ұшын созып жатқандарына алғысымды білдіремін. Бұған дейін де еріктілер келіп, азық-түлік әкеп кеткен. Өзім жалғыз тұрамын. Балаларымның барлығы қайтыс болды. Жүріп-тұруға шамам жоқ. Белсенді, адамгершілігі мол жастар көп болсын деймін.

 

 

Ешкенова Дана