МТРА жаңалықтары

Еліміздегі төтенше жағдай сәуірдің соңына дейін созылды

Еліміздегі төтенше жағдай сәуірдің соңына дейін ұзартылды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияның отырысында айтты. Президенттің айтуынша, Қазақстандағы коронавирус инфекциясының шарықтау шегі әлі өткен жоқ.

Сондықтан, карантин мен шектеу шараларын жеңілдетуге болмайды. Бұл шешімге түсіністікпен қарау қажет деді Мемлекет басшысы. Әзірге, карантинді, өзін-өзі оқшаулау сақтаудан басқа амал жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсыныстары.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Азаматтарымызға көмектесу үшін бұрын-соңды болмаған көлемде қыруар қаржы бөлінді. Үкімет сол қаражаттың сапалы әрі мақсатқа сай жұмсалуын қадағалуы тиіс. Төтенше жағдай кезіндегі ең маңызды міндеттердің бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті бағасы белгіленді. Қазір көктемгі егіс науқаны басталды. Бұл – өте маңызды жұмыс. Сондықтан, Үкімет және әкімдіктер осы жұмысты ерекше назарда ұстауы қажет.

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова