Білім

Жастардың қашықтықтан оқу барысы

Қашықтықтан оқу барысында білімнің сапасы төмендеп қалмауы тиіс. Бұл ретте оқытушылар қауымы ұсынылған онлайн бағдарламаларды барынша тиімді қолдануға тырысып жатыр. Ал шәкірттер өз кезегінде тапсырманы орындаумен ғана шектелмей, бос уақыттарын үйде өздерін жан-жақты дамытуға жұмсауда.

Динара Абдуғаниева Қызылжар ауданындағы Новокаменка орта мектебінің 6-шы сыныбында оқиды. Жеткіншек өзге ұл-қыздар секілді үйінде отыр. Тиісті білімді «Балапан» арнасынан алуда.

Динара үйде құр отырмай, бос уақытын тиімді пайлануға тырысады. Кітап оқиды, анасына көмектеседі.

Динара Абдуғаниева – Новокаменка орта мектебінің оқушысы, Қызылжар ауданы:

– Маған үйде отырып сабақ оқыған ұнайды. Мұғалімдер берген тапсырманы тез түсініп аламын.

Бұл күні ел студенттері де үйде отырып қашықтықтан білім алып жүр.
Жастар мен оқытушылар “Zoom” бағдарламасы арқылы байланысқа шығады.

Жергілікті жоғарғы оқу орнында 7 мыңнан астам студент бар. Маржан Ағыбай – болашақ журналист. Бойжеткен аталғаның бағдарламаның тиімді тұстарына тоқталды.

Маржан Ағыбай – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Мен үйде отырып тиімді әрі пайдалы істермен айналысып жатырмын. Сабақты “Zoom” бағдарламасы арқылы мұғалімдермен байланысып, тапсырмаларды орындап, жоғары баға алып жүрмін.

Айта кетейік, үндістандық және «Foundation» факультетінің дайындық бөлімінде оқитын 200-ден астам студент жатақханаларда қалдырылған. Ол жерлерде зарарсыздандыру шаралары күшейтілген түрде жүргізіліп жатыр.

Маржан Қасымбек