Қайырымдылық

Тәжік этномәдени орталығының игі бастамасы

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қауіпті індетпен күресте азаматтар барынша ұйымшылдық танытуда.

Осы орайда «Самониён» тәжік этномәдени орталығының бастамасын ерекше атап өтпеске болмас. Ұйым мүшелері облыстық балалар ауруханасында жатқан кішкентай емделушілер мен коронавируспен күрес жүргізіп жатқан дәрігерлерге арнап ыстық тағам әзірледі. Барлығы 6 аспаз 150 адамға жететіндей палау мен жұқанан пісіріп, еріктілер арқылы беріп жіберді.

Актолкын Солтанханкызы