Құқық қорғау органдары

Жиһанкез баукеспелер құрықталды

Жиһанкез баукеспелер! Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары пәтер мен қалта ұрыларын қолға түсірді.

Құрықталғандар – Павлодар және Алматы қаласының тұрғындары. Біреуінің жасы – 31-де, екіншісі – 38-де. Полиция департаментінен жолданған ақпаратқа сүйенсек, олар Петропавлға бөтеннің мүлкін жымқыру үшін арнайы келіпті. Екеуінің 8 бірдей қылмыстық іске қатысы бары анықталып отыр. Баукеспелер 5 рет – пәтер, 2 мәрте -дүкен, 1 рет қалта тонаған. Қазір бұған дейін де ұрлық жасап, бірнеше рет істі болған қос ұры да қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ерболат Қаптаев – Петропавл қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бөлімше бастығы:

– Аталған фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 188-ші бабының 1 және 3-ші бөліктері «Ұрлық» бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

Ешкенова Дана