Мәдениет

Жергілікті өнерпаздардың онлайн концерті

Жергілікті «Сегіз сері» атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі онлайн режимде концерт беруді жалғастырады.

Бұл жолы ұжымның қос әртісі Самал Асылбаева мен Татьяна Букирова ән шырқап, күй шертті. Кеш сағат 19:00-де басталды. Оны адамдар облыстық филармонияның инстаграм парақшасына кіріп, тікелей эфирде тамашалай алды. Ертең дәл осы уақытта Айдос Ақылбеков пен Жамиля Мұстафина өнер көрсетпек. Ал, сәуірдің 3-і күні жұртшылық Дәурен Топишов пен Алла Жексенованың кешін көре алады. Халық әндері заманауи нақышта шырқалатын шара 18:00-де басталмақ.

Маржан Касымбек