ТЖ

«Табиғат-тіршілік көзі» акциясы

Бірнеше аптадан соң күн әбден жылынып, жер құрғайды. Сол кезде орман алқаптарында өрт оқиғалары жиілеуі мүмкін.

Қызыл жалынның басым бөлігі былтырдан қалған сабан мен шөпті жағу кезінде орын алады. Тағы төтенше жағдай балықшылар мен аңшылардың отқа немқұрайлы қарауынан пайда болады. Сондықтан наурыздың 15-інен өңірде «Табиғат-тіршілік көзі» акциясы өтіп жатыр. Шара бір айға жалғаспақ. Мақсаты – облыс тұрғындарына орман-тоғайлардағы өрт қауіпсіздігін еске салу.

 

 

Ешкенова Дана