МТРА жаңалықтары

Муниципалдық телеарна байқау жариялайды

Үйде отырып, муниципалдық телеарнаны көремін! Сәуірдің 1-і, яғни бүгіннен бастап біздің ұжым инстаоқырмандар арасында байқау жариялайды. Оған әлеуметтік желідегі парақшамызға жазылушы жандар қатыса алады.

Қазір олардың саны 35 мыңнан асып отыр. Ұтыс ойынының шарты былай: Кез-келген адам арнамызды тамашалап отырған сәтін фото немесе видеоға түсіріп, өзіне жүктеуі тиіс. Және астына “үйде отырып, муниципалдық телеарнаны көремін” #(хештегін) қалдырғаны жөн. Ең тапқыр, белсенді және креативті оқырмандарымыз жеңімпаздар қатарынан көрінеді. Байқау қорытындысы наурыздың 14-і күні жарияланады. Жүлдегерлерге арнайы саптыаяқ, яғни кружка немесе көп реттік маска табысталады.

 

Маржан Касымбек