Ауа райы

Күн жылынады

Хабарымыздың соңында ауа райы жаңалықтарына тоқталайық.

Синоптик мамандардың хабарлауынша сәуірдің 1-і мен 4-і аралығында Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде күн күрт жылынбақ. Мұның салдарынан мұз еріп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі деп күтілуде. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тұрғындарды абай болуға шақырады.

Данаш Хамзина