ТЖ

Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға дайын

Сақадай сай! Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде су тасқыны кезінде адамдарды құтқару үшін арнайы жасақ құрылды.

Құрам 30 қызметкерден тұрады. Білікті мамандар 8 заманауи техника, 6 бірдей мотопомпа және 4 қайықпен қамтылған. Өткен демалыс күндері олар 3 топқа бөлініп, Айыртау, Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов аудандарына жіберілді. Мұнда ведомство өкілдері тасқын кезінде жұмыс істеп, жергілікті құтқарушыларға тұрғындарды эвакуациялауға көмектеседі.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан