МТРА жаңалықтары

Пара аламын деп бас бостандығынан айырылды

Осыған дейін Тимирязев селолық округінің әкімі Самат Байғожин жергілікті тұрғыннан пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Атқамінер аудандық аурухананың бұрынғы инфекциялық бөлімінің ғимаратын бұзуға заңсыз рұқсат берген. Бұл жайлы жергілікті жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары хабарлады. Заң бұзған азаматқа қатысты сот алдағы 3 жылын темір тордың ар жағында өткізу туралы үкім шығарды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Бердимурат Баймухан