Ауа райы

Өңірде көктайғақ болуы мүмкін

Жаңалықтар соңында ауа райынан құлаққағыс. Синоптиктердің мәліметі бойынша өңірде наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түні қар аралас жаңбыр жауады.

Салдарынан көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан және солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Ауа райының құбылуына байланысты құтқарушылар тұрғындарға сақтық танытып, үйде отыруға кеңес береді.

Дана Ешкенова