COVID-19: Қазақстан

Подъездер зарарсыздандырылып жатыр

Наурыздың 20-сынан бастап Петропавлда көпқабатты үйлердің подъездері дезинфекциялануда. Шаруа күн сайын атқарылуы тиіс. Іске пәтер иелері кооперативі жауапты. Анықталғандай, коронавирус алюминий, медициналық қолғаптарда 8 сағатқа дейін сақталады екен. Ал болаттың бетінде 2 тәулік бойы тұрады. Ағаш пен шыныда – 4, пластик пен қағазда 5 күнге дейін сақталады.