COVID-19: Қазақстан

Маска тапшылығы мәселесі реттелуде

Маскалардың жетіспеушілігі өңірде екі апта бұрын байқалды. Қазақстанда коронавирус инфекциясы табылғаннан кейін тауарға деген сұраныс тіптен артты. Өткен жұмада шаһар дәріханаларына жеткізілген 24 мың медициналық бетперде бірден сатылып кеткен. Маска тапшылығын жоюға жергілікті тігіншілер өз үлестерін қосып жатыр. Шеберлер тауардың күніне жүздеген данасын әзірлеуде. Тауардың бағасы 250 теңгеден бастау алады. Бұл бетперделерді жуып, үтіктеп, тағы қолдануға мүмкіндік бар.