COVID-19: Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев: “Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар”.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет.