МТРА жаңалықтары

Береке бастауы – Наурыз

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын биыл ұлан-асыр тоймен ұлықтай алмадық. Коронавирус індетінің белең алуы себебінен бұқаралық шаралар болмайды. Десе де, мыңдаған жылдық тарихы бар төл мереке – отандастарымыздың жүректерінде. Жерлестеріміз Наурызды қалай мерекелеуде, Ұлыс күні ғасырлар асып бізге қалай жетті, өзге ұлт өкілдері мейрамды қалай тойлайды? Осы сұрақтарға жауап – арна тілшісі Саят Ермек әзірлеген материалда.