Қоғам

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күні

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні! Биыл әз-Наурыз аста-төк дастархан жайылып, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып ауқымды түрде тойланбайды. Бұған коронавирус инфекциясына байланысты мемлекет тарапынан тыйым салынған.

Дегенмен, отбасында атап өтуге шектеу қойылмаған. Яғни, 7 түрлі дәмнен тұратын көжемізді пісіріп, ет асып жиналуға рұқсат етілген. Оның үстіне биыл отандастарымыз тарихы тереңде жатқан мейрамда 5 күн демалады. Мереке қарсаңында жер ана да құлпыра түскендей. Облыс орталығы да өзгерді. Қазір қала көшелері бойынан кіші архитектуралық мүсіндерді көруге болады.

Байболат  Култанов