Өңір тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Жол-патрульдік полициясы мен учаскелік инспекторлар адамдар жиі жиналатын орындарды жіті бақылауға алған. Яғни, мамандар әуежай, базар және қала көшелерін назарда ұстап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ойын-сауық орталықтары жабық, саудаларын тек сол нысандағы азық-түлік сататын орындар ғана жалғастыруда. Дәмханалар мен мейрамханалардың да жұмысында өзгеріс бар. Мұндай қоғамдық нысандардың есігі түнгі сағат 10-ға дейін ғана ашық болады әрі бір мезетте 50 адамнан артық жиналмауы тиіс. Полицейлер сұхбат барысында осыны қадағалайтынын және ережені елемегендер жауапкершілікке тартылатынын айтты.
Баян Байғаскина – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:
– Азаматтар жиі жиналатын орындарда полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Облыс бойынша жағдай тұрақты. Төтенше жағдайға байланысты полиция қызқметкерлерінің саны ұлғайтылды.
Маржан Касымбек