МТРА жаңалықтары

«Атамекен» ҰКП қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысты

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы да уақытша қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысты.

Енді солтүстікқазақстандық іскер жандар фейсбук әлеуметтік желісіндегі “Бизнес в Петропавловске и СКО” тобына кіріп, қажетті ақпаратпен танысады. Мәліметтен бөлек, сұрақ қоюға да мүмкіндік бар. Мәселен, тұрғындар сертификаттау, қолданыстағы бағдарламалар мен “Бастау” жобасына қатысты сауалдарын жолдап, жауап ала алады. Айта кетейік, аталған жоба аясында оқыту наурыз айының ортасында басталуы қажет еді. Бірақ, коронавирусқа байланысты сабақтар онлайн форматында өткізілетін болып бекітілді.

 

 

Маржан Касымбек