МТРА жаңалықтары

“Камаз” маркалы автокөлігі шам бағанасы мен жер үйге соғылды

Петропавлда “Камаз” маркалы автокөлігі шам бағанасы мен жер үйге соғылды. Оқыс жағдай кеше сағат кешкі 8 кезінде Ойқала шағын ауданында орын алды.

Негізі, көлік соғылған баспанада ешкім тұрмайды деседі. Бірақ, дәл сол жерден 69 жастағы әйел адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Нәзікжанды қалай зақым алды әлде оны жүргізуші соғып кетті ме – ол, әзірге, белгісіз. Көлікті басқара алмай қалған жүргізуші медициналық куәландыруға жөнелтілген. Анық-қанығын полицейлер анықтап жатыр. Сараптама нәтижесі 2 күннен кейін белгілі болмақ.

Бердимурат Баймухан