Kurultai banner mobile

Қоғам

Өңірде жылыту маусымы қашан аяқталады

Қазіргі уақытта облыс бойынша 500-ден астам қазандық жұмыс істеп тұр.

Қондырғылар тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік маңыздағы 1300-ден аса нысанды жылумен қамтамасыз етеді. Бұл бағытта осы қыста 300 мың тоннаға жуық көмір әзірленген екен. Бүгінде көмір қорының басым бөлігі жұмсалған, қалған көлем жоспарланған мерзімге жетеді дейді бейінді басқарма мамандары. Еске сала кетейік, өңірде жылыту маусымы қыркүйектің 18-інде бастау алған болатын. Биыл егер ауа райы жылы болса мамырдың алғашқы күндері тоқтатылуы мүмкін.

Бердимурат Баймухан