Спорт

Хоккейшілеріміз есе жіберді

Өткен аптада аяқ доп шеберлері ғана емес, хоккейшілеріміз де сенімді ақтамады.

Ел чемпионатының плэй офф кезеңінде жергілікті “Құлагер” құрамасы “Алматы” командасына 2 кездесуде де ұтылып қалды. 1-ші бәсекеде жерлестеріміз оңтүстікастаналықтарға 4 те 1 есебімен тізе бүкті. Қарымта ойында 4 те 2 есебімен есе жіберді. Бүгін және ертең Петропавлда қос қарсылас арасында 3-ші, 4-ші матчтар өтеді. Айта кетейік, плэй офф кезеңінде қай құрама 4 рет жеңіске жетеді, сол ұжым жартылай финалға жолдама алмақ.

Бердимурат Баймухан