Құқық қорғау органдары

Балалар аналарының жұмысымен танысты

«Анамның жұмысына барамын». Облыстық полиция департаментіндегі әйелдер кеңесі осындай атаумен 8-ші Наурыз мейрамына орай ерекше акция өткізді.

Нәзікжандылардың балалары полиция департаментіне келіп, аналарының жұмысымен танысты. Мамандар балаларды музей ішінде аралатып, ішкі істер органдарының жұмысы туралы әңгімелеп берді. Кейін қонақтар көрермендер залына жиылды. Мұнда ұл-қыздарға полиция жұмысы туралы бейнероликтер көрсетілді. Мерекеден ешкім құр қол қайтпады. Тәртіп сақшылары кішкентай қонақтарына тосын сый жасап, тәтті сыйлықтар табыс етті.

Айзере Сәбит:

 – Менің анам полицияда жұмыс істейді. Маған мұражай өте қатты ұнады. Мен анашыма тақпақ айтқым келеді.

 

Эльмира Садвокасова