Ауа райы

Алдағы 2 күнге арналған ауа райы болжамы

Бұрқасын соғып, тұман түседі. Алдағы екі күнде өңірде ауа райы осындай мінез танытады.

Синоптиктердің берген мәліметі бойынша наурыздың 6-сы мен 7-сі күндері солтүстік-батыс және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секуныда 15-20 метрге дейін жетпек. Кей жерлерде қарқыны, тіпті, 25 метрді құрайтын көрінеді. Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға тиісті қауіпсіздік шараларын қаперде ұстау қажеттігін ескертеді.

 

 

Данаш Хамзина