Спорт

“Құлагер” құрамасының кезекті жеңісі

“Құлагер” құрамасының кезекті жеңісі. Ел чемпионатының 2 кезеңінің соңғы бәсекесінде жерлестеріміз алматылық хоккейшілерді 2 рет ұтты.

Ойын ақпанның 27-сі мен 28-і күндері Александр Винокуров спорт сарайында өтті. Алғашқы кездесуде екі жақ та 5:5 есебімен тең түсіп, буллиттер сериясында петропавлдықтар басымдылық танытты.

Ақтық сында Александр Троицкийдің командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ерекше ойын өрнегімен көзге түскендер: Станислав Логинов, Илья Ахметов пен Никита Емельянов. Естеріңізге сала кетейік, “Құлагер” ел біріншілігінің 2-ші кезеңінің қорытындысы бойынша турнирлік кестеде 6-шы орынға тұрақтады. Қоржындарында 102 ұпай бар.