Спорт

“Солтүстік-2020” қысқы спартакиадасы мәресіне жетті

Өңірде дәстүрлі “Солтүстік-2020” қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті. 2 айға жалғасқан сайысқа 1 мыңнан аса теріскейлік қатысты. Олар спорттың 9 түрінен сынға түскен.

Жарыстың ақтық сыны Тимирязев ауданының орталығында өтті. Мұнда жерлестеріміз шағын футбол, шорт-трек, шайбалы хоккей және шаңғы тебу бәсекесінде үздіктерді анықтады. Доданың қорытындысына тоқталайық. Бірінші орын Ғабит Мүсірепов ауданының намысын қорғаған жандарға бұйырды. Екінші сатыға аққайыңдықтар тұрақтады. Ал, шалақындықтар қолаға қол жеткізді. Келесі жылы “Солтүстік” қысқы спартакиадасы Тайынша ауданында өтпек.

Маржан Қасымбек