Ауа райы

Дауылды ескерту

Синоптик мамандардың мәліметінше дүйсенбіден сейсенбіге қараған күндері облысымыздың кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғуы мүмкін. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетпек.

Мұндай жағдайда ойланбай істеген әрекеттің соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. Оның алдын алу үшін өңірлік құтқарушылар жерлестерімізге телефонға келетін дауылды ескертулерге құлақ асуларын сұрайды. Және алысқа ұзап шықпауларын ескертеді. 

Бердимурат Баймухан