2 адамды өлтіріп, ізін суытқан қылмыскерге байланысты сот үкімі шықты. Естеріңізге сала кетейік, оқиға өткен жылдың қыркүйек айында Петропавлдың Заречный кентіндегі саяжайлардың бірінде болған.
Марқұмдар тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар екені анықталды. Оларды өлтірген – 84-ші жылғы ер адам. Ол да қаңғыбастар санатында. Қылмысын жасаған соң қолданған құралдарының бірін темір-терсек тапсыратын жерге өткізіп жіберіп, Қостанай жаққа қашқан. Қылмыскер көп ұзамай ұсталды. Өз ісін мойындапты. 36 жастағы ер адамға қатысты сот шешімі шыққан екен, бірақ үкім бойынша апелляцияға шағым түсірген.
Қымбат Мырзағұлова – СҚО ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі:
– Қылмыстық іс сотқа жолданып, күдіктіге сот үкіміне байланысты 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қолданылды.
Актолкын Солтанханкызы