Спорт

Палуандарымыз жарады

Хабарымызды спорт жаңалығымен аяқтайық. “Қызылжар арландары” клубының өкілдері республикалық турнирде жеңіс тұғырынан көрінді.

Павлодар қаласында Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевты еске алуға арналған жарыста 7 жігіт жүлдеге ілікті. Атап өтсек, Мейіржан Берекетов пен Мұхит Тұрсынов 1-ші орын еншіледі. Мерей Абдрасулов 2-ші сатыға тұрақтады. Еркебұлан Қалымбеков, Нұрғали Тұрсынғазиев және Рүстем Жұмаевтар болса қолаға қол жеткізді. Тағы, “Түйе палуан” сайысында Мұхит Тұрсынов – 2-ші, ал Алтынбек Аусағитов 3-ші орынға табан тіреді.

 

Култанов Байболат