Спорт

Алексей Луценко “Тур Прованс” жарысында үздіктер қатарынан көрінді

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко халықаралық додада жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жерлесіміз Францияда жалауын желбіреткен “Тур Прованс” көпкүндігінің 3-ші кезеңінде 2-ші орынға ие болды.

Бұл жарыс 140 шақырымға созылды. Сайыста колумбиялық спортшының бағы жанды. Ол мәреге Алексей Луценкодан 1,5 минутқа ерте жетті.

Ешкенова Дана