Спорт

Солтүстікқазақстандық пара дзюдошы жеңіс тұғырынан көрінді

Солтүстікқазақстандық пара дзюдошылар Нұр-Сұлтан қаласында өткен ел біріншілігінде сәтті өнер көрсетті. Чемпионатта 100 келіден жоғары салмақта белдескен Болат Смағұлов 3-ші орын иеленді.

Жарыста жерлесіміз 3 белдесу өткізіпті. 2 қарсыласын айқын ұтып, тек финалға шығар бәсекеде Атырау облысының өкіліне есе жіберген. Осылайша қола меделды қанағат тұтты. Дегенмен, палуан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі атанды. Енді, ол үздік татами шеберлерімен оқу-жаттығу жиындарына қатысып, еліміздің намысын халықаралық сайыстарда қорғайтын болады. Чемпионатта тағы бір солтүстікқазақстандық Медеу Әкімжанов та өнер көрсетті. Өкінішке қарай, спортшы 5-ші орынға табан тіреді. Айта кетейік, қос азамат та – облыстық “Үміт” дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының өкілдері.

 

 

Бердимурат Баймухан